Ақтауда ауыз су жоқ

Экспресс К

pixabay.com

Ақтау тұрғындары тіршілік нәрінен тарығып отыр. Себебі, шаһарды тіршілік нәрімен қамтып отырған мекемеде жоспарлы жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деп хабарлайды «Экспресс К»

Сондықтан тұрғындар суық суды там-тұмдап қана тұтынуға мәжбүр. Қаладағы тұрғын үйлердің жоғарғы қабатында тұратындарға су таңертең бес, кешке бес сағат қана беріледі. Қалған уақытта тіршілік нәрі тоқтайды. Себебі, ауыз судың екпіні бірінші, екінші қабаттан ары аспайды.

Өйткені сумен қамтитын мекемеде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жауаптылардың айтуынша, қазір қалаға тек 40 мың текше метр су берілуде. Тұрғындарды тіршілік нәрімен толық қамту үшін тағы қосымша 7-8 мың текше метр су керек екен. Жөндеу жұмыстары аяқталса, қалаға 52 мың текше метр су беріледі деп отыр. Сондықтан әкімдіктегілер тұрғындарға тағы бір ай шыдау керек дейді. Тіпті суды үнемдеу мақсатында Ақтаудағы монша, көлік жуу орталықтарының да жұмысы бір айға уақытша тоқтатылған.

-"10 маусымға дейін ауыз су тапшылығы туындауына байланысты біздер келесі су мәселесін шешу жоспарымен қаладағы бірқатар коммерциялық нысандарға ауыз су мәселесін тоқтату шешімі қабылданды. Бұл уақытша шара.Қалада жаңадан су тұшыту зауытын салу жоспарда бар. Қазіргі таңда инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр"-деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Серік Гусман.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров