Дәрігерге тіл тигізгені үшін 61 мың теңге айыппұл

Express Qazaqstan

Экспресс К

Алматыда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексте көзделген ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғау туралы жаңа бап бойынша дәрігердің алғашқы шағымы бойынша сот аяқталды,-деп хабарлайды «Экспресс К»

Сөзбе-сөз Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 80-1 Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлерінің заңды қызметіне кедергі келтіру бабында былай деп жазылған: "2. Медицина және (немесе) фармацевтика қызметкерлеріне өздерінің лауазымдық міндеттерін орындауы кезінде былапыт сөйлеуден, әбес қылықтар (белгілер) мен заттар көрсетуден, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы, лайықсыз мінез-құлықтан, мазақ қылудан көрінген құрметтемеушілік таныту — жеке тұлғаларға отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға алып келеді". Ал бұл қайталанса 15 тәулікке дейін қамаққа алынуы мүмкін.

Қазір медициналық қызметкерлерді осылай қорғайтын кодекстің өзі өткен жазда қабылданған болатын, бірақ алғашқы сот ісі мамыр айында ғана өтті, тіпті бес рет кейінге қалдырылды.

Оқиға наурыз айының ортасында Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында орын алған. Науқастың анасы жансақтау бөліміне ұлын көруге кіруге тырысты. Карантин кезінде жансақтау бөлімі түгіл аурухана ғимаратының өзіне кіруге қатаң тыйым салынған. Аурухананың жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі ашуланған әйелге түсіндірмек болғанда, ол оған балағат сөздер айтып, тіпті соққы да орын алған, дәрігердің халаты жыртылған. Дәрігерді қорғауға басқа медициналық қызметкерлер шыққан.

Сот айыпталушыны 30 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге үкім етті, бірақ оның жұмыс істемейтінін және бірінші рет сотталғанын ескеріп, оған 30 пайыздық жеңілдік жасалды. Осылайша ол 61 мың теңге төледі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров