«Бәйтерекке» автоматты робот-кеңесші орнатылды

Экспресс К

Экспресс К

«CityPass» жобасын дамыту аясында «Crocos» компаниясы «Бәйтерек» монументіндегі туристік ақпараттық орталыққа «Promobot» деп аталатын автоматты робот-кеңесші орнатты, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Astana Invest" қалалық инвестицияны дамыту орталығының қолдауымен орнатылған "ақылды гид" туристерге қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде елорданың негізгі туристік нысандары жайында толық мәлімет бере алады.

Елорда Инфоның хабарлауынша "Promobot" туристерге виртуальды тур қызметін ұсынады. Яғни "Бәйтерек" монументіне келгендер туристік ақпараттық орталық арқылы қаладағы өзге де нысандарға виртуальды саяхат жасап, олар жайындағы мәліметтермен таныса алады.

Экспресс К
Экспресс К

"Туристердің бірыңғай картасын енгізумен айналысатын "CityPass" компаниясымен әріптестік байланыс орнаттық. Тек соңғы 3 жылдың өзінде компания 1,5 миллион дана осындай бірыңғай картаны сатты. Бұл — үлкен жетістік. Компания қазір электронды әуе және теміржол билеттерімен бірге туристердің бірыңғай картасын сатып алу қызметін ұсынып отыр. "Nur-Sultan Pass" картасын қаладағы 13 ірі туристік нысанға кіру үшін пайдалануға болады. Картаның дәл осымен төлем жасау аталған нысандардың әрқайсысына жеке-жеке төлем жасаудан 70 пайызға арзанға түседі, — дейді "Astana Invest" қалалық инвестицияны дамыту орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Ержан Балтаев.

Компания бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында спорттық, медициналық, іскерлік бағыттағы туризмді дамыту бағытында жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров