Іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы ұсталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бүгін Ақтау қаласында іздеуде жүрген Өзбекстан Республикасың азаматы Бахтияр Тажимуратов құрықталды деп, хабарлайды Экспресс К.

Құқық қорғау қызметкерлері 1979 жылы туған күдіктіні "Ардагер" СО ұстаған.

Айта кетсек, 14 мамырда күдіктіге қатысты ҚР ҚК 392-бабы ( ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалады. 17 мамыр күні Б. Тажимуратов Ақтау полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған кезде бақылау-өткізу пунктінен қашып кеткен.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров