Тірі киіктерді көміп тастаған (видео)

Express Qazaqstan

Әлейметтік желіден

Өткен аптада Батыс Қазақстан облысында қырылып қалған 372 киікті көму кезінде, тірі киіктерді де көміп тастаған,- деп жазады “Экспресс-К”

— Өлікселерді жинау мен жою жұмыстарын Тау ауылы әкімшілігі жүзеге асырған болатын. Алайда тірі киіктерді де көмген деректер анықталып отыр. Сол себепті Полиция Департаментіне тергеу әрекеттерін жүргізуді сұрайтын боламыз. Жазықсыз жануарларға қатысты осындай әрекет жасағандар жауапкершілікке тартылуы тиіс,- деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева.

Еске сала кетсек, өткен аптада БҚО 372 киік қырылып қалған болатын. Алдын-ала болжам бойынша, олар найзағайдың түсуінен қырылуы мүмкін.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров