Көкшетау-Щучинск тас жолын шаңды дауыл басып қалды (ВИДЕО)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында шаңды дауыл көтерілді. Облыс тұрғындары қорқынышты табиғи құбылысты видеоға түсіріп, бір-біріне таратып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресми мәліметке сәйкес, шаңды дауыл Ақжар мен Уәлиханов және Тайынша ауданында көтерілген.

Аудан тұрғындарының айтуынша, дауыл кезінде күн тұтылғандай болған. Себебі айналада ештеңе көрінбей кеткен.

Қазгидрометтің облыстық филиалы осы табиғи құбылыстың себебін түсіндірді. Өңірде көптен бері жауын-шашын болмаған. Сондай-ақ, шаңды дауылдардың көтерілуіне ауа температурасының күрт өзгеруі де әсер етеді.

Ал Тайынша ауданында желдің жылдамдығы секундына 33 метрге дейін жеткен.

Айта кетейік, бұған дейін Қазгидрометтің облыстық филиалы дауылды ескерту жариялаған. Нақтылай түссек, 19-20 мамыр күндері Солтүстік Қазақстанда найзағай ойнап, дауыл тұрады. Бұршақ жауады деген болжам бар. Желдің жылдамдығы секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Сондай-ақ, аймақта ауа температурасы плюс 12-20 градусқа дейін төмендеп, 20-21 мамыр күндері түнде 2 градустық үсік жүреді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров