Циклон салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды

Express Qazaqstan

© AP

Үндістанның батыс бөлігінде күшейген циклон салдарынан кем дегенде 21 адам көз жұмды, деп хабарлады үнділік БАҚ сейсенбіде.

Тағы 96 адам хабарсыз кеткендер қатарында. Жүздеген мың адам электр қуатынсыз қалады, өйткені желдің қатты екпіні салдарынан ағаштар құлап, электр желілерін зақымдаған.

Жергілікті метеорологиялық қызметтердің мәліметінше, дүйсенбі күні кешке желдің максималды жылдамдығы сағатына 210 шақырымға жеткен.

Гуджарат штатындағы әуежайлар, оның ішінде Сардар Валлабхай Патела халықаралық әуежайы жабылды.

Сонымен қатар, Мумбай жағалауында барлығы 400-ге жуық адамы бар екі баржа апатқа ұшыраған. Құтқарушылар эвакуация жүргізуде, алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты әзірге тек 177 адам ғана эвакуацияланды.

Циклон біртіндеп әлсіреуде, бірақ Үндістанның көптеген аймақтарында алдағы күндері, әсіресе Гуджарат және Махараштра штаттарында мол жауын-шашын болады деп болжануда.

Үндістан әлемде коронавирус диагнозы қойылған жағдайлардың саны бойынша екінші орында. Жалпы, елде COVID-19 пандемиясы басталғалы бері 24,9 миллионнан астам инфекция анықталған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров