Мұнайлы ауданына су таситын 20 дана жаңа көлік келді

Экспресс К

© ЭК

Ауыз су Маңғыстау өңірінде өткір тұрған мәселе.

Халық тұздылығы жоғары теңіз суын тұшытып пайдаланады. Облыстағы халық көп қоныстанған Мұнайлы ауданының тұрғындары ала жаздай тіршілік нәрінің азабын тартып шығады, деп хабарлайды "Экспресс К"

Тұрғындарын жаз айларында үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бүгін су таситын "Dongfeng" маркалы жаңа 20 көлік әкелінді. Бұл көліктер әрқайсысы жарты тоннаға жуық таза ауыз су тасымалдай алады.

Қазір Мұнайлы ауданының 86 пайызына су құбыры тартылған. Қызылтөбе ауылдық округіне ғана су көлікпен жеткізіледі. Осының көмегімен таза суға қол жеткізе алмай отырған ауылдағы ағайын енді кезекке тұрып әуре болмайды. Жаңа көліктерден бөлек ауданда қазір 21 автоцистерна халыққа қызмет етіп келеді.

Жалпы ауыз судың тапшылығын жою үшін ауданда "Каспий" су тұщыту зауытының қуаттылығын ұлғайту жұмыстары қолға алынды.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров