Ә. Айтбаеваның ісі бойынша күдіктіні қамауға алуға сот санкция берді

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНУГЛОВ

Бұған дейін Мұрат Мейірбековті астаналық полиция адам саудасымен айналысты деген күдікпен ұстағандығын хабарлаған болатын «Экспресс К» тілшісі.

Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мамандандырылған ауданаралық соты қалалық полиция департаменті тергеу бөлімінің өтінішін қарады. Күдіктінің ұсталуына қатысты 10 тәулікке қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осыған дейін белгілі болғандай, Грузия прокуратурасы Мейірбековке қатысты сырттай зорлау айыбын таққан болатын. ҚР ІІМ оқиғаның барлық мән-жайын зерттеп-зерделеу және сотқа дейінгі тергеу материалдарымен танысу үшін тергеу тобын Грузияға жібереді.

Еске салайық, 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қаза тапқан болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров