Қызылорда

Жасөспірімді қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Экспресс К

ПД баспасөз қызметі

Қызылорда қаласында полиция орталық көшелердің бірінде велосипедпен келе жатқан жасөспірімді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін ұстады.

Полицейлер кешенді іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде 2 сағат ішінде күдікті автокөлік анықталды, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Көлік тізгіндеген жергілікті тұрғынға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабының 2 — бөлігімен (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы) және 611-бабының 2-бөлігімен (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Жасөспірімге медициналық көмек көрсетілді, оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ", -дейді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров