Қару сақтау бойынша 21 заң бұзушылық анықталды

Express Qazaqstan

polisia.kz

Қызылордалық полицейлер бір күнде 400-ге жуық қару иелерін тексерді.

Заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде "Қару" жедел профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 375 қару иесі тексеріліп, 21 құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды "Экспресс К".

Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білу деңгейін тексеру үшін 21 қару иесі емтихан тапсыруға жолданды.

"Әкімшілік кодексінің 482-бабына сәйкес заңсыз айналымнан 3 қару (Қызылорда-1, Жалағаш-1, Шиелі-1) тәркіленді. Кодекстің 484-бабына сәйкес (қаруды сақтау ережесін бұзу) 16 азаматқа, 486 бабына сәйкес (қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) 5 азаматқа әкімшілік шара көрілді" -деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров