Келесі жылдан бастап балалар тегін ұшады

Экспресс К

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Бұл Kids gou free ( балаларға тегін саяхат) бағдарламасы бойынша жүзеге аспақ.

2022 жылдың қаңтар айынан бастап еліміздің 2 мен 14 жас аралығындағы балаларға әуе кемесімен саяхаттау үшін ешқандай билет сатып алудың қажеті жоқ, деп хабарлайды "Экспресс К"

Кaz.tengritravel.kz порталының жазуынша, бұл бағдарлама Алдағы жылдың қаңтарынан бастап топ-10 туристік аумақ бағыттары бойынша сапарды брондауға болады.

Туризм және Индустрия комитетінің төрағасы Дастан Рыспековтың айтуынша: Негізгі мақсат ел азаматтарын отбасылық саяхатқа жиірек шығуға ынталандыру. Оған балалардың әуе билетін Мемлекет есебінен осылай субсидиялау едәуір әсер етпек. Мәдениет және спорт министрлігінің болжамынша, бұл демалысты 30 пайызға дейін арзандатуға мүмкіндік береді.

"Кидс гоу фри" бағдарламасының негізгі мақсаты — қазақстандықтарды Қазақстанның туристік бағыттарында бүкіл отбасымен демалуға ынталандыру.

Заңға қол қойылды, енді ережелер жобасы мен оның жұмыс істеу механизмі әзірленіп жатыр. Жыл басынан бастап қазақстандық туроператорлар "Кидс гоу фри" бағдарламасы қосылған турпакеттерді сатуды бастайды-деді комитет басшысы.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров