eBay арқылы қалай тауар сатуға болады?

Express Qazaqstan

wallpapercave.com

Отандық өндірушілер өз тауарларын Central Asia eBay hub жобасы бойынша eBay халықаралық маркетплейсі (онлайн-дүкен) арқылы саудалай алады. Қазір оған қатысатындар іріктеліп жатыр. Олардың басым бөлігі бірегей тауар өндірушілер болмақ.

eBay интернет-дүкенінде саудаға шығудың алғашқы жарты жылдағы шығынын, сондай-ақ, оқу мен кеңес алу төлемі USAID-тың және Еуропа одағы қаржыландырып, Халықаралық сауда орталығы жүзеге асыратын Ready4Trade Central Asia жобасының мойнында болады, деп хабарлайды "Экспресс-К" Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығына сілтеме жасап.

eBay дүкенінің бағасы бизнестің көлеміне байланысты. Шағын және орта кәсіпкерлік үшін ол айына 28 доллар тұрады. Сонымен қатар, кәсіпкер сатылған тауардың 14 пайызын төлейді. Оның 10 пайызы eBay платформасына (пайыздық үстеме тауардың санатына байланысты), 4 пайызы PayPal төлем жүйесіне кетеді.

Еліміздің Сауда және интеграция министрілігі өкілдерінің айтуынша, eBay-ға қатысушылар үш ай бойы оқытылып қана қоймайды, өндірушілердің экспорттық әлеуеті бағаланып, оларға тікелей кеңес беріледі. Яғни листинге дайындық барысында сапалы фото-видеопортфолио түзіледі, өнім кілт сөздер мен флатформаның ерекшелігіне орай сипатталады, логистикалық қорытынды жасалады, клиенттермен жұмыс істеудің тиімді жүйесі енгізіледі.

"Тікелей кеңес беру топтастырып сабақ өту арқылы жүргізіледі. Сондай-ақ, әр қатысушы кәсіпкерге жеке-жеке кеңес те беріледі. Ол он сабақтан тұрады", — дейді QazTrade сауда саясатын дамыту орталығындағылар.

Маркетплейске өнімді іріктеу барысында қойылатын басты талап — ұсынылған тауардың бәсекеге қабілеттілігі. Бұл жерде бірегей тауар шығарушыларға мән беріледі. Мысалы, ұлттық стилде киім тігуші — handmade деген бар. Сондай-ақ, азық-түлік немесе басқа тауар өндірушілерге де аса қарсылық болмайды. Бірақ бірегей емес заттардың көбі мұндағы өте жоғары бәсекеге төтеп бере алмайды дейді аталған министрліктегілер.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров