«Сенімді дос» акциясы басталды

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

«Жас Сарбаз» қозғалысы үй жануарларына қатысты қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайларға байланысты және оларды қорғау мақсатында «Сенімді дос» акциясын бастады. Бұл туралы «Экспресс К» елорда әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Акция барысында Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан "Я живой" орталығына барып, иесіз жануарлармен уақыт өткізді.

"Соңғы уақытта елімізде үй жануарларына қатысты проблема кеңінен көтеріліп жүр. Ит-мысықтарды азаптап өлтіру деректері де жиі кездеседі. Бірақ қараусыз қалған жануарлардың жұртқа зиян келтірмейтініне де кепілдік жоқ. Осыған байланысты үй жануарларын және иесі жоқ жануарларды қорғау мақсатында "Я живой" орталығына барып, "Сенімді дос" акциясын бастадық", — деді аталмыш Асхат Налшыбек.

Ол өз сөзінде аталмыш акцияны Нұр-Сұлтан қаласының өзге де ұйымдары қолдайды деген сенімділік білдірді.

Әкімдіктің баспасөз қызметі
Әкімдіктің баспасөз қызметі

Айта кетейік, бүгінде "Я живой" орталығында 73 ит пен 180 мысық өмір сүреді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров