Алматыда автобус адам қағып кетті

Оскар БЕК

Бейнеден кадр

Алматыда қоғамдық көлік адам қағып, апаттан зардап шеккен жан сол жерде қайтыс болды, деп хабарлайды "Экспресс К"

Қайғылы оқиға Жангелдин көшесінің бойында болған. Оқиға куәгерлері әлеуметтік желіде видеомен бөлісіп жатыр. 208-бағыттағы автобус жүргізушісі өз жолағымен кетіп бара жатқан жаяу жүргіншіні кеш аңғарғанға ұқсайды. Көлік тізгінін басқа жақа бағыттап үлгермесе керек. Салдарынан 1975 жылы дүниеге келген келіншек жедел-жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Қазір жағдайдың анық-қанығын білу үшін полиция тексеру жүргізіп жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров