COVID-19: Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еліміз 6 мамыр күні COVID-19 таралу қарқыны жағынан "қызылдан" "сары" аймаққа көшкен болатын.

Қазақстан COVID-19 инфекциясының таралу қарқыны бойынша "қызыл" аймаққа қайтадан кірді, деп хабарлайды "Экспресс К".

Жақында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанып келе жатқанын атап өткен. Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сәйкес, өңірлердегі жағдай төмендегідей:

"Қызыл" аймақ: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Қарағанда, Батыс Қазақстан облыстары.

"Сары" аймақ: Алматы, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақ: Түркістан, Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстары.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров