Ақтөбеде атты жасақ қарауылға шықты

Express Qazaqstan

© ЭК

Ақтөбеде аттылы жасақ өзен бойын таң атқаннан қас қарайғанша күзетуге мәжбүр деп хабарлайды «Экспресс К». Өйткені, айналдырған бір апта ішінде жасы онға толмаған үш бала суға батып қайтыс болды.

КТК телеарнасының жазуынша, жақында ғана Бекқұл баба ауылында қараусыз қалған қос бүлдіршіннің мәйітін құтқарушылар тоғанның жеті метр тереңдігінен тапты. Ал күні кеше су жағасында ойнап жүрген он жастағы бала доп қуалаймын деп, өзенге құлаған. Дәл ұйымаға тап болған оқушыны су тартып кеткен.

Енді осындай оқыс оқиғаларды болдырмау үшін су жағасын бақылауды аттылы жасаққа жүктеді. Олар күндізгі сағат оннан бастап, күн ұясына батқанша жағалауды аттан түспей аралап жүруі тиіс. Ересектердің бақылауынсыз жүрген балларды өзеннен қууға оларға мектеп мұғалімдері көмек беретін болады.

-"Балаларды көріп қалса өзен жағасынан біздің инструкция бойынша, яғни нұсқама бойынша анықтаймыз. Инспекторлар мектеп директорын табады, ата-анасын табады. Үйіне дейін апарып тапсырады. Қараусыз қалдырған ата-анаға әкімшілік шара қолдануға дейін барады"-деді Ақтөбе облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы Ардана Сейітмағанбетов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров