Қырғызстан
Президент болғысы келген азамат Жогорку Кенешке кіруге талпынды


Әлейметтік желіден
Қырғызстанда президент болуды көксеген азамат Жогорку Кенешке кірмек болды, - деп хабарлайды «Экспресс-К».
Оқиға орнына жеткен милиция оның қолын қайырып алып кетіп бара жатқанын куәгерлер телефонға түсіріп үлгерген. Тіптен, жедел-жәрдем де сонда жүр. Видеоға қарағанда президент боламын деген азамат сыптай киініп, ресми галстугын да тағып алған.
Кешірек оның 35 жаста екені және жүйке ауруы бойынша тіркеуде тұратыны айтылды.
Бөлісу