Есірткіні шұлығына жасырып өтпек болды

Express Qazaqstan

pixabay.com

Шемонаиха шекаралық бақылау бекетіне 54 жастағы аудан тұрғыны ұсталды.

Есірткіні шұлығына жасырып, Ресейге тасымалдамақ болған ер адамды шекарашылар иісшіл ит арқылы қолға түсірді , деп жазады "Экспресс К"

Шекара қызметкерлері 54 жастағы ер адамнан иісшіл иттің көмегімен есірткі тапқан. Бекетті бақылау кезінде, жолаушылар терминалында қоңыр түсті өсімдік тектес зат оралған қағаз түйіншек тәркіленген. Жеке тінту барысында, күдікті қағаз түйіншекті шұлығына жасырғаны анықталды.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 5,64 гр кептірілген марихуана боп шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров