35 жастағы ақтаулық тұрғын 10-шы сәбиін күтіп жүр

Экспресс К

instagram.com

Ақтаулық Сакен мен Гауһар Ешмұхановтар 2001 жылы отбасын құрған.

Ақтауда 35 жасында көп балалы ана атанған келіншек тұрады. Ешмұханова Гауһардың бұл күнде 9 перзенті бар, деп хабарлайды "Экспресс К".

Он жылда жас отбасының тоғыз перзенті өмірге келді. 4 ұл мен 5 қыз тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптының тұңғыштары 19 жаста. Кенжесі 9 айлық. Оның ішінде қатар өсіп келе жатқан егіз ұл мен қыз бар. Бүгінде көп балалы отбасы 10-сәбиін күтуде.

Бала тәрбиесінен бөлек, әр түрлі саланы меңгерген Гауһар Ешмұханова өнерден де кем емес. Мерекелік жиындарда ән салады.

Бала тәрбиесінде енем мен үлкен қыздарымның көмегі зор. Осы жақындарымның арқасында өзіме де уақыт тауып жүрмін. Бала баланы бағады дегендей, шүкір көз алдымда өсіп келе жатыр. Қазір қыздарыма үй шаруасын сеніп тапсыра аламын.

дейді Гауһар Ешмұханова.

Сонымен қатар, Ешмұханавтар отбасы қайырымдылықпен айналысып, көп балалы отбасыларға көмек қолын созып тұрады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров