Көліктердің өртену оқиғасы жиілеген

Express Qazaqstan

ТЖД

Төтеншеліктер 17 мамырдан 17 маусымға дейін автокөлікте өрт қауіпсіздігін сақтау айлығын өткізеді.

Кейінгі бір апта ішінде Қостанай облысында төрт оқиға тіркелген. Бірер күн бұрын Рудныйда "Волга" және Audi-80 автокөліктері өртенсе, Қарабалық ауданында "Деталь" автодүкенінің жанында "Лада Ларгус" автомобилінің мотор бөлігі жанып кетті. Осы ауданға қарасты Наука ауылында "Лада Калина" автокөлігі өртте жанып кетті, дер хабарлайды "Экспресс К"

Құтқарушылар мәлімдегендей, өрт негізінен жеке тораптарды, агрегаттарды, жанар-жағармай материалдарын пайдалануда өрт қауіпсіздігін сақтамаудан туындаған. Осындай фактілерді болдырмау үшін ТЖ департаменті 17 мамырдан 17 маусымға дейін автокөлікте өрт қауіпсіздігін сақтау айлығын өткізеді.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров