Жол апатынан полиция қызметкері көз жұмды

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Алматы облысында жол апатынан полиция қызметкері қаза тапты деп хабарлайды Экспресс К.

Алматы қалалық Полиция депратаментіне сілтеме жасап. Оқыс оқиға бүгін таңғы сағат тоғыздар шамасында Қарасай ауданында болған. "Мазда-626" көлігінің жүргізушісі Көлді-Жалпақсай жолында тізгінге ие бола алмай, қарсы бағытта келе жатқан "Лада Грантамен" соқтығысқан. Алматы қалалық патрульді полиция инспекторы Надыр Қалымов отырған Лада жол жиегіне шығып кетіп, ағашқа соғылыпты. Ауыр соққыдан 1999 жылы дүниеге келген полиция сержанты оқиға орнында көз жұмды. Ол түнгі кезекшіліктен шығып, үйіне келе жатқан екен. Ал, жол апатына себепкер болған Мазда жүргізушісі түрлі дене-жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір Қарасай аудандық Полиция басқармасы аталған жол апатына қатысты тергеу бастады. Ал, қаза тапқан Надыр Қалымовтың артында анасы мен жүкті келіншегі қалды. Марқұм ішкі істер саласында 2019 жылдан бері жұмыс істеген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров