Қонаевтың бүлінген бейнесі қалпына келтірілді

Оскар БЕК

© ЭК

Қонаевтың мұрт салынып, бүлінген муралы қалпына келді, деп хабарлайды «Экспресс К»

Бұл туралы оның авторы Ержан Танаев әлеуметтік желіде хабарлап, фотомен бөлісті.

Өзі қазір басқа қалада екен. Бірақ Алматыдағы суретші достарына хабарласып, бүлінген муралды қалпына келтіруді өтінген.

Ержан мұндай надандыққа барған адамның табыларына күмәнмен қарайды.

Еске салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын белгісіз біреулер Қонаевтың бейнесі салынған муралдың бетіне мұрт салып бүлдірген болатын. Оның фотосы әлеуметтік желіде желдей есіп, жұртшылықтың ашуын туғызды. Алайда полиция кінәліні әлі таппаған.

Айта кетейік, бұл мурал 2017 жылы салынған. Оны Алматының 3-ықшамауданынан көруге болады.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров