Балалар шығармашылығын дамытуға 2,6 млрд теңге бөлінеді

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Спорттық шараларға республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінбейді.

Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов елімізде балалар үйірмелері мен спортына бөлінетін қаражат есебін, сондай-ақ онымен қамтылатын балалар санын жариялады, деп хабарлайды "Экспресс К".

Вице-министрдің айтуынша, мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаражатты талап етпейді. Оның бәрі жергілікті атқарушы органдардағы мәдениет және спорт басқармаларына бөлінген қаражат есебінен қамтылатын болады.

"Жан басына нормативтік қаржыландыру жергілікті басқармалар есебінен алынады. 2021 жылы мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы органдар 2 млрд 600 млн теңге қарастырып отыр. Соның негізінде республика бойынша 25 600 баланы қамтамасыз ету жоспарда бар. Яғни шығармашылық үйірмелер мен спорттық секциялар бойынша негізінен 4-18 жас арасындағы балалар қамтамасыз етіледі", — деді вице-министр.

Ол сөзін жалғай отырып, қаржыландыру көлемі де, шығармашылық үйірмелерге қатысатын балалар саны да жыл сайын артатынын айтты.

Бұл мәселе Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында Мәдениет және спорт министрлігі жүзеге асырып отыр.

деді Нұрғиса Дәуешов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров