Әкімдік пен төрт мектеп шатырсыз қалды

Express Qazaqstan

© ЭК

Кеше Солтүстік Қазақстан облысында болған құмды дауылдың салдарынан бір әкімдік пен төрт мектеп шатырсыз қалды. Одан бөлек бірнеше ауыл жарықтан ажыраған, деп хабарлайды «Экспресс К».

Келген шығын көлемі әлі есептеліп бітпеді. Облыстық Төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, құмды дауыл Тайыншы, Ақжар мен Уәлихан ауданын басқан. Талшық ауылында мектептің 290 шаршы метрлік шатырын жұлып кеткен. Алқатерек пен Восход ауылдарында екі спорт зал төбесіз қалды. Абырой болғанда адам мен мал шығыны жоқ. Арнайы құрылған комиссия толық шығын көлемін есептеп шығарады. Айта кетейік, кеше Солтүстік Қазақстан облысында болған құмды дауыл жергілікті жұртты дүрліктірді. Табиғаттың тосын мінезінен айналаны күндіз түнек басты. Синоптиктер мұндай құбылысты салқын және жылы атмосфералық фронттардың тоғысуынан деп түсіндіреді. Оның арты дауылға ұласатынын айтады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров