Қашықтан жұмыс істеу қалыпты жағдайға айналады

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Енді қашықтан және аралас қашықтан жұмыс істеу заңдастырылуы мүмкін. Бұл норма Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының бірінші оқылымында мақұлданды.

Енді қашықтан және аралас қашықтан жұмыс істеу заңдастырылуы мүмкін. Бұл норма Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында "ҚР Еңбек кодексіне қашықтықтан жұмыс істеуді құқықтық реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының бірінші оқылымында мақұлданды.

2020 жылы Қазақстан аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы салдарынан қызметкерлердің орта есеппен жетпіс пайызын қашықтан жұмыс істеуге ауыстыруға тура келген, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Мәжіліс депутаты Жанат Омарбекованың айтуынша, елде қашықтан жұмыс істеуді ұйымдастырудың қалыптасқан тәжірибесі пандемия кезеңіндегі еңбек саласындағы нақты процестер мен еңбек заңнамасы арасындағы алшақтықты көрсетті. Белгілі болғандай мұндай олқылықтарды ескере отырып, депутаттар бірқатар ұсыныс жасады.

"Бұл ұсыныстар тараптардың келісуі бойынша қашықтан және қашықтан аралас жұмыс істеу ұғымдарын енгізу жөнінде. Аралас жұмыс істеу жұмыс кезеңдерін жұмыс беруші орналасқан жерде де, одан тыс жерде де кезектестіруге мүмкіндік береді. Қашықтан жұмыс істеуге ауысқан қызметкерлердің тап болған өткір мәселелерінің бірі — коммуникация құралдарымен, компьютерлермен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету болды. Осыған байланысты заң жобасында норма көзделді, оған сәйкес төтенше жағдайды енгізу, төтенше жағдайды жариялау және шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде уақытша қашықтан жұмыс істеу кезінде жұмыскерлерді коммуникация құралдарымен қамтамасыз ету әрі шығыстарды өтеу қажеттілігі жұмыс берушінің актісінде айқындалады", — деді депутат.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров