Ақтөбеде 4 жастағы бала 4-ші қабаттан құлап кетті

Экспресс К

© ЭК

Ақтөбеде 18 мамыр күні сағат 19:20 шамасында Нефтянников көшесіндегі көпқабатты үйдің 4-қабатынан 4 жасар бала терезеден құлады. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды «Экспресс К»

Оқиға былай болаған, баланың анасы үйде отырып бес айлық қызына алаңдаймын деп, төрт жастағы баласынан көз жазып қалған. Қонақ бөлмеге кіріп кеткен бала терезеден сыртқа құлап кетті.

Жалпы жыл басынан бері облыста балалардың терезеден құлау оқиғасы 3 рет тіркелген. Төтеншеліктер мен тәртіп сақшылары ата-аналарға мұқият қырағы болуды ескертеді.

-Балалардың жарақаттануы көп жағдайда ата-аналарының қараусыз қалдыруынан болады. Сондықтан ересектер баланы жалғыз қалдырмау керек. Бала терезеге көтерілмес үшін оған жақын жерге жиһаз қоймаған дұрыс. Терезеге қондырылған майда торға сенуге болмайды. Ол баланы қорғамайды. Терезеге бірнеше сантиметрден артық ашылу,а мүмкіндік бермейтін бекіткіш орнатқан жөн, — деді облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров