Зейнеткерлікке шығарғанда, жұмыстың қаупі ескерілуі керек

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгінде Қазақстанда 1 миллионнан астам адам зиянды және қауіпті жұмыс орындарында еңбек етеді екен. Елімізде ерлердің зейнеткерлікке 63 жастан шығатынын ескерсек, мұндай жерлерде жұмыс істейтіндер үшін алаңдауға негіз бар.

Осылай деп депутаттық сауал жолдаған Мәжіліс депутаты Ерлан Смайылов бұл бағытта бірнеше мәселенің басын ашып айтты, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Зиянды және қауіпті жұмыс істеп жүрген қазақстандықтардың зейнет жасын қайта қарау керек. Бұл, әсіресе, металлург, мұнайшы сияқты мамандық иелеріне қатысты. Елімізде 1 миллион 645 адам осындай жерде жұмыс істейді. Былтыр ешқандай гигиеналық-санитарлық талаптарға сай келмейтін жерлерде 367 мың адам еңбек еткен. Осы адамдар үшін мемлекет зейнеткерлік жасын қысқартып және лайықты зейнетақы тағайындауы керек. Ал оларды жасына қарай жеңіл жұмысқа ауыстырғанмен мәселе шешілмейді. Өйткені жастарға жұмыс орнын босамай, тағы бір мәселе — жұмыссыздық белең алып жатыр, — депутат.

"Тексеру барысында аталған азамат психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды",деп хабарлайды полиция департаменті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров