Полиция алаяққа алданғандарды іздеп жатыр

Express Qazaqstan

ПД баспасөз қызметі

Алматы полициясы әлеуметтік желідегі алаяқтық құрбандарын іздейді, деп хабарлайды "Экспресс-К" Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бостандық аудандық Полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлімі 1-тармағына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді тіркеді.

— Сотқа дейінгі тергеу барысында 1982 жылы туған Ц. есімді азамат, халықты Instagram желісі арқылы "Automaton" ЖШС-нің 100% қатысу үлесімен директор және құрылтайшы бола отырып, Қазақстанға белгілі блогерлерді қатыстырып, салымшыларды тартқан. Жұртты өзінің кеңсесіне шақырған және оларға толық автоматта жұмыс істейтін, ақша салынған желілік кәсіпті таныстырған. Өзінің кәсіптік жобасын ұсына отырып, Ц.есімді азамат, әлеуетті салымшыларды олардың әрекеттерінің заңдылығын айтіп, салымнан кепілдендірілген сыйақы төлеуге үгіттеген. Сенгіш азаматтардан ақша алғаннан кейін салымдар бойынша пайыздық төлемдер жасамай әрі қарыздың негізгі сомасын қайтармай, өзі із суытқан, — деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің тұрғылықты жері анықталуда.

— Егер сіз аталған компанияның заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен болсаңыз, сіз Бостандық аудандық ПБ жанындағы ПБ-не немесе келесі байланыс нөмірлеріне хабарласа аласыз: 8-708-522-64-26 және 8-707-156-50-50, — деп қорытындылады Әбдірахманов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров