Өміріне қауіп төнген әйелді әкім құтқарып қалды

Express Qazaqstan

24.kz

Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар, өз әйелін кепілге алған азаматпен мәмілеге келіп, қылмыстың алдын алды, деп жазады «Экспресс К».

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға 18 мамыр күні болған. 35 жастағы қала тұрғыны полиция басқармасына қоңырау шалып, өз әйеліне қысым көрсетіп, кепілдікке алғанын мәлімдеген. Күдіктінің талабын орындау мақсатында, әйеліне қоқан-лоқы көрсеткен азаматқа полицейлермен бірге шаһар әкімі Жақсылық Омар да барған. Ол қауіп тудырған қала тұрғынымен жеке диалогқа жығып, өзара келісімге келген. Бұдан кейін оқиғаға себепкер болған азамат қолындағы балтасын тастатап, полицияға өз еркімен беріліпті.

Қала әкімінің бұл батылдығын батырлыққа балған әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салып жатыр.

Тексеру барысында аталған азамат психологиялық және медициналық көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Оның психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды

дейді полиция департаменті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров