Вакцина алған соң 4 адам қайтыс болды. Тескеру нәтижесі шықты

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қайтыс болған 4 адамның 2-еуінің өлімі салынған вакцинаға еш қатысы жоқ.

Қазақстанда вакцина алған соң 4 адам көз жұмды. Оның екеуінің екпеге қатысы жоғы анықталды. Қалған екі дерек бойынша комиссия әлі жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды "Экспресс К"

Екпеден қайтыс болды деген алғашқы жағдай Алматы облысында тіркелген болатын. Қайтыс болған әйел қалалық перзентханада жұмыс істеген.

"Оның созылмалы аурулары болған, жүрек ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған, бірақ тұрақты түрде тексерілмеген, тиісті дәрілерді қабылдамаған. Комиссия вакцина салудағы санитарлық нормалардың сақталуын да тексерді. Сот-медициналық тексерудің, комиссия шығарған нақты шешімнің нәтижесіне сәйкес, дәл сол вакцина ол адамда вирусемия туғызуы мүмкін емес. Ол адамда созылмалы ауру болған және сол аурудан қайтыс болған. Өлімнің вакцинаға қатысы анықталмады", — деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн-брифинг барысында.

Ол екінші жағдай алматылық азамат дәрігердің жеке қаралуында болмаған, диспансерде де тіркелмегенін айтты. Науқас Алматы қаласының №2 емханасында вакцинаның екінші компонентін алған. Оның бұрыннан артериялық қысым мен жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама аяқталмады. Комиссия әлі жұмыс істеп жатыр.

Үшінші жағдай Ақтөбе облысында тіркелді. Комиссияның нәтижесі бойынша науқаста созылмалы ауру болған. Ол ешемиялық инсультке алып келуі мүмкін.Оның вакцинаға қатысы жоқ.

дейді вице-министр.

Ажар Ғинаяттың айтуынша, төртінші жағдай екінші компонент алғаннан кейінгі он екінші күнде болған. Бұл бойынша комиссия әлі жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі кейін белгілі болады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров