Екпенің екі компонентін де алған 100-ден аса адам КВИ жұқтырды

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вакцинациядан кейін де коронавирус жұқтырып жатқандар туралы айтылды, деп хабарлайды "Экспресс-К".

"Біз вакцинадан кейінгі ауру жұқтыру бойынша мониторинг жүргіземіз. Атап айтқанда, бірінші компонент бойынша да, екінші компонент бойынша да жасалады", — деді ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, қазір елімізде вакцинаның бірінші компонентінен кейін коронавируске 541 адамның шалдыққаны анықталған. Ал екінші компоненттен кейін 104 адам КВИ жұқтырған.

"Бүгінгі күні, мысалы, "Sputnik V" вакцинасының тиімділігі 92%-ды құрайтынын білеміз. Демек қалған 8%-ында иммундық жауап болмай, КВИ-ді қайта жұқтыруы мүмкін. Ал егер бірінші және екінші компонент бойынша екпе алған азаматтарымыздың санын салыстыратын болсақ, онда бірінші компоненттен кейінгі ауру 0,02%-ды, ал екінші компоненттен кейін — 0,03%-ды құрайды. Бұл сандар вакцинацияның тиімді екенін дәлелдейді", — деп түсіндірді аталған комитет басшысы.

Алайда ол ешкім ешқашан вакцинаның аурудан 100% қорғайтынын айтпағанын еске салды.

Есмағамбетованың айтуынша, эпидемиологиялық зерттеу нәтижесі адамның вакцинацияға коронавирус жұқтырған кезде келгенін көрсетіп отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров