Биыл «Баспана Хит», келесі жылы «7-20-25» бағдарламасы қаржыландырылмайды

Express Qazaqstan

dknews.kz

Әлемдік дағдарыстың экономикаға әсері азайғаны себепті мемлекеттің несиелеу бағдарламаларын кезең-кезеңімен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес субъектілері үшін бюджеттен 18,4 млрд теңге бөлінді.

Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова CFO IDEA EXCHANGE & NETWORKING SUMMIT барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Экспресс К".

"Дағдарыстың экономикаға әсері азайғанын ескерсек, мемлекеттің несиелеу бағдарламаларынан біртіндеп шығуын қамтамасыз ету маңызды. Осы себепті Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі арасында жыл басында 2021-2023 жылдарға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімге қол қойылған болатын. Келісім аясында 2023 жылдан бастап Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырмайды", — деді Мәдина Әбілқасымова.

Агенттік төрағасы өз сөзінде биыл "Баспана Хит", ал 2022 жылы "7-20-25" бағдарламаларын қаржыландыру тоқтайтынын мәлім етті.

Үкімет өз кезегінде тікелей қаржыландырудан кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік тәуекелдеріне кепілдік беруге көшу мүмкіндігін қарастырады.

дейді ол.

Сөзін жалғай отырып, дағдарысқа қарсы шаралардың жалпы топтамасы еліміздің ЖІӨ-нің 9%-н құрап, оның 4,3 трлн теңгесі республикалық бюджет қаражатының есебінен және 2,1 трлн теңгесі Ұлттық банк қаражатының есебінен бөлінгенін айтып өтті. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы жекелеген шаралардың мерзімін ұзартуды тапсырғаны қозғалып өтті.

"Экономиканың зардап шеккен секторы — ШОБ субъектілері үшін барлық кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені жылдық 6%-ға дейін субсидиялау 1 шілдеге дейін ұзартылды. Ал зардап шеккен салалардың тізімі ұлғайтылды. Ол үшін бюджеттен қосымша 18,4 млрд теңге бөлінді", — деді агенттік төрағасы

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров