Бәрінен де қытай көп

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізге келіп жұмыс істеп жүрген шет ел азаматтарының санын жария етті.

Министрлік берген мәліметке сүйенсек, қазір 15 443 шетелдік арнайы орындардың рұқсатымен түрлі салада жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды "Экспресс-К" "Sputnik Қазақстанға" сілтеме жасай отырып.

Олар түрлі санаттармен де белгіленген. Мәселен, басшылар мен олардың орынбасарлары және басқалар болып бөлінеді.

I санат — 650 адам (құрылымдық бөлімшелердің басшылары);

II санат — 3 246 адам (мамандар);

III санат — 7 511 адам (білікті жұмысшылар);

IV санат — 488 адам.

Сондай-ақ, Қазақстанда маусымдық жұмыстарға 1 723 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 1 825 шетел азаматы келген.

Қазір елімізде шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1 718 жұмыс беруші тіркелген.

Ведомство еңбек мигранттарының қай елдерден көбірек келетіні жайлы да ақпаратты бөлісті. Атап айтқанда, Қытайдан 3 656 адам, Өзбекстаннан 1 741 адам, Түркиядан 1 588 адам, Үндістаннан 1 090 адам, Ұлыбританиядан 930 адам келген.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров