Жұмысқа орналастырамын деп 50 млн теңгені қалтасына басқан

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Атырауда 60 адамды Теңіз кен орнына жұмысқа орналастырам деп алдаған алаяқ сотталды.

Қызылорда облысының тұрғыны Атырауда Теңіз кенішіне жұмысқа орналастыруға хабарландыру беріп, тіпті кеңсе де ашып алған. Арам ойын жүзеге асыру мақсатында ешқандай келісім-шарт жасамай 2 танысын жұмысқа алып, оларға жалақыны қолма-қол беріп отырған, деп жазады "Экспресс-К"

— Ғаламторға хабарландыру бергеннен кейін, жұмыс іздеушілерді кеңсеге шақырып, олармен жалған келісім-шарт жасап, ақшаларын алып, жалған түбіртек беріп отырған. Осылайша 39 жастағы алаяқ азаматтардың 50 миллионнан астам теңгесін қалтаға басқан. Алданғандардың ішінде облыс тұрғындарынан бөлек Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе қңірінің тұрғындарындары да бар — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Жұмысқа орналасу ақысын 150 000-нан 450 000 теңгеге дейін бағалап келген. "Talapker & Company" ЖШС-нің атқарушы басшысы алаяқтық әрекеттері үшін сот үкімімен 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров