Атырау маңында қамыс өртеніп жатыр (видео)

Express Qazaqstan

Бейнеден кадр

Түс ауа қаланы қалың қара түтін басып, ыстың иісі пайда болды.

19 мамыр күні Атырау қаласының тұрғындары шаһарды түтін басып қалды деп шағымданды. Анықталғандай қаладан 40 шақырым жерде қалың қамыс өртеніп жатыр, деп жазады "Экспресс-К"

— Қала тұрғындарынан "112" бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметінің Call орталығына толассыз қоңыраулар түсе бастады. Шығып жатқан түтінді барлау мақсатында ҚР ТЖМ "Казавиақұтқару" АҚ-ның Батыс өңірлік филиалы "МИ-8" тікұшағымен әуеден барлау жұмыстарын ұйымдастырды. Қала маңындағы Тасқала ауылынан шамамен 40 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында қалық қамыс өртеніп жатқандығы анықталды,-деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті.

Каспий теңізінің жағалауындағы батпақты жерде шамамен 32 гектар құрғақ шөп пен қамыс жанған. Сонымен қатар, ауданы 1гектардан асатын бес өрт ошағы анықталып, өрт сөндіру көлігінің жете алмауына байланысты, әуеден тікұшақпен су шашу жұмыстары жүргізілген. Әлі де өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров