Елордалық паралимпиадашы Еуропа чемпионы атанды

Express Qazaqstan

Әкімдіктің баспасөз қызметі

Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Сиязбек Далиев пара жүзуден Еуропа чемпионы атанды.

Португалияның Мадейра қаласында 16-22 мамыр аралығында өтіп жатқан байрақты бәсекеге 47 елден 380 спортшы қатысуда, деп жазады "Экспресс-К" елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сиязбек баттерфляй стилінде 50 м қашықтықты 35,78 секундта жүзіп өтіп, бірінші орын иегері атанды.

Екінші орынды Украина спортшысы Ярослав Семененко (35,96) иеленсе, ал үздік үштікті ресейлік Игорь Плотников (37,33) қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, сәуір айында Ұлыбританияда өткен әлем кубогында спортшымыз дәл осы қашықтықта күміс жүлдеге қол жеткізген болатын.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров