Елордалық полиция департаментінің лауазымды тұлғалары ұсталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатқандықтан егжей-тегжейлі ақпарат әзірге жарияланбайды.

"Сыбайлас жемқорлықты жою, өз араларында тәртіп орнату, сондай-ақ халықтың сенім деңгейін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің басшылығы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактілерін анықтады", — делінген полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Онда Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы және ведомствоның өзге де лауазымды қызметкерлері жемқорлыққа барғаны айтылады. Қазір тергеу-жедел іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

"Менің тапсырмам бойынша Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы департаменттің орта буын басшыларына және басқа да лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық көріністері фактілері бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды", — деді Нұр-Сұлтан қаласының ПД бастығы Е.Сәденов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров