Атырау кәсіпкерлері наразылыққа шықты

Express Qazaqstan

Әлейметтік желіден

Велосипедтерді жалға беріп, ойыншықтар мен әткеншектер орнатып, табыс тауып жүрген кәсіпкерлер бүгін наразылыққа шықты.

Атырауда балаларға арналған ойыншықтар мен аттракциондарды жалға беретін кәсіпкерлер шу шығарды. Олардың айтуынша, қала әкімдігі жұмыс істетпейді, ал полиция қызметкерлері кез-келген жерден қуып жіберетін көрінеді,-деп жазады "Экспресс-К"

Қазір табыссыз қалдық. Бүкіл құрылғыларды несиеге алдық. Амалымыз таусылды.Шыдамымыз біткен соң осылай наразылыққа шыттық. Бізге жер беріп, мәселемізді шешіп берсін. Осы жердегі отыздан астам кәсіпкер нәпақа тауып отбасымызды асырап отырмыз.

дейді кәсіпкерлер.

Бір жылдары бұл кәсіпкерлерді әкімдік қаланың сыртына көшірген. Бірақ тірі жан бармай, табыссыз қалғандарын айтады.

Экспресс К
Экспресс К

Ал шаһар әкімдігі бұл кәсіпкерлердің үстінен тұрғындар тарапынан шағым көп екенін айтты. Алдағы уақытта арнайы орын бөліп беруге конкурс өткізбек.

— Біз бұл кәсіпкерлермен кездестік. Заңдылықтарды жан-жақты түсіндірдік. Заңға сәйкес оларға берілетін жерлер бекітіліп, конкурсқа шығарылады.

дейді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ерболат Омаров.

Маусымдық кәсіппен ғана айналысатын наразы топ осылайша тырығыққа тірелген. Әкімдер де конкурстың нақты қанша уақыт алатынын айтпады. Кәсіпкерлер тағыда жиналуға бекініп отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров