COVID-19 ЖАҒДАЙЫ: ЖҰҚТЫРҒАНДАР 366481, ЖАЗЫЛҒАНДАР 327026, ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАР 4141

Express Qazaqstan

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Өткен тәулікте Қазақстанда ПТР-тестпен расталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 2 мың 433 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлады бейсенбіде Сovid-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (ВАК).

Бір тәулік бұрын республикада COVID-19 оң ПТР-мен 2 мың 18 жағдай анықталды, 29 адам қайтыс болды.

Пандемия басталғаннан бері елде Сovid-19 -дың барлығы 366 мың 481 жағдайы расталды.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында — 439,

Алматы қаласында — 534,

Шымкент қаласында — 109,

Ақмола облысында — 129,

Ақтөбе облысында — 120,

Алматы облысында — 166,

Атырау облысында — 79,

Шығыс Қазақстан облысында — 85,

Жамбыл облысында — 23,

Батыс Қазақстан облысында — 105,

Қарағанды облысында — 326,

Қостанай облысында — 37,

Қызылорда облысында — 39,

Маңғыстау облысында — 63,

Павлодар облысында — 107,

Солтүстік Қазақстан облысында — 33,

Түркістан облысында — 39.

Сонымен қатар, ВАК мәліметінше, пандемия басталғаннан бері республикада коронавирустық инфекциядан 327 мың 26 адам емделді, оның ішінде соңғы тәулікте 3 мың 210 адам.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте COVID-19-дан 17 адам қайтыс болды.

20 мамырдағы жағдай бойынша 35 мың 846 адам коронавирустан ем алуды жалғастыруда, оның ішінде 35 мың 314 оң ПТР-тестімен (КВИ+) және 532 — теріс (КВИ-), стационарларда 13 мың 265 пациент, амбулаториялық емдеуде 22 мың 581 пациент бар.

"КВИ+ және КВИ- науқастарының ішінен 742 пациент ауыр халде, 187 — аса ауыр халде, ИВЛ аппаратында — 107", — делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров