Әлемде COVID-19-ға қарсы 1,5 млрд-тан аса екпе жасалған

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Осы уақытқа дейін әлемде коронавирусқа қарсы 1,5 миллиардтан астам екпе жасалған. Бұл туралы дерек түрлі ғаламдық мәселелердің статистикасын бақылап отырған Ourworldindata порталында жарияланды.

Бірақ бұл көрсеткіш вакцинаны толық салдырған адамдардың санымен сәйкес келмейді. Өйткені кейбір екпе екі рет салынса, кейбірін бір рет ексе де жетіп жатыр, деп хабарлайды "Экспресс-К" "Интерфакс" агенттігіне сілтеме жасап.

Аталған порталдың дерегі бойынша, вакцинация көрсеткіші жөнінен бірінші орында Қытай тұр. Онда 422 миллионға жуық адам екпе алған. Одан кейінгі орындар АҚШ (274 млн) пен Еуропа одағына (199 млн) тиесілі.

Вакцинация көрсеткіші бойынша алғашқы бестікке Үндістан (183,8 млн) мен Ұлыбритания (56,9 млн) кіріп отыр.

Жалпы, әлемде пандемия басталғалы бері 164,9 млн адам коронавирус жұқтырған. Олардың 3,4 миллионы қайтыс болса, 143 миллионы жазылып шықты.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша, елімізде бүгінге дейін 1 898 604 адам, бір рет болса да, екпе салдырған.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров