Қазақстан
"Ashyg" қосымшасы ашылмай тұр


©ЭК/Валерий КАЛИЕВ
Кеше кешкі сағат 19-дан бері ел азаматтары "Ashyg" қосымшасын пайдалана алмай отыр.
Бұның себебін Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов қосымшада техникалық ақаулары пайда болуына байланысты дейді. Бұл жөнінде "Экспресс К" Orda.kz таратқан ақпаратқа сүйене отырып хабарлайды.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі уақытта қосымшада қызмет көрсетуге қатысты техникалық ақаулар болған.
Ақаулықты жою үшін жұмыс жүргізіліп жатқанын айта келіп, вице-министр уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
Оның айтуынша арнайы мамандар уақытша қиындықтарды шешкенге дейін қосымшаның баламалы тәсілін "aitu" арқылы қолдануға болады.
Негізі, Ashuq-тың aituда-ғы ресми қосылымы кейінірек болуы керек еді, бірақ енді біз функционалды жүйені осы сәтте тексеруіміз керек-деді жауапты тұлға.
Бөлісу