Ораза кезінде дүниеге келгендерге қандай есім көбірек қойылды?

Express Qazaqstan

pixabay.com

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне қарасты Ұлттық статистика бюросы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында туылған нәрестелерге қойылған есімдердің тізімін жария етті.

Бұл тізім аталған бюроның ресми сайтында жарияланған, деп хабарлайды "Экспресс-К".

Биыл Рамазан 13 сәуір мен 12 мамыр аралығына тура келген болатын. Мұсылман күнтізбесінің осы тоғызыншы айында адамдардың ораза ұстап, рухани тазару жолына түсетіні мәлім.

Ұлттық статистика бюросы жариялаған тізімге сәйкес, аталған мезгілде дүниеге келген ұлдарға қойылған ең көп есім — Рамазан. Ал қыздарға Меккеден кейінгі екінші қасиетті қала — Мединаның аты көп берілген. Анығырақ айтқанда, сәуірде 1175 Рамазан мен 585 Медина, мамырда 510 Рамазан мен 235 Медина туылыпты.

Одан кейін мұсылманшылыққа қатысты Нұрислам, Ислам, Мүслим, Раяна, Айша, Әмина, Сафия сияқты есімдер де аз қойылмаған. Сондай-ақ, Айсұлтан, Әлихан, Алдияр, Әлинұр, Айзере, Асылым, Аяла, Кәусар, Айкөркем сынды қазақтың өзіне тән әдемі аттар да жеткілікті.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров