Заңсыз жүрген шетелдіктер анықталды

Express Qazaqstan

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Алматы облыстық көші-қон полициясы тексеру шараларын өткізді.

Шара барысында ел аумағында заңсыз тұрып келген 58 шетелдік азамат анықталған, деп хабарлайды Экспресс К.

tengrinews.kz-тің жазуынша, олар заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Рейд барысында қабылдау-бөлу орнына тағы да 32 адам жеткізілген. Оның 11- і жеке басын куәландыратын құжаттары және белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар. Олар уақытша қамауға алынды.-деп атап өтті ПД бастығының міндетін атқарушы, Елмұрат Нұрсейтов.

Сондай-ақ осы жедел алдын алу шарасы кезінде Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын 152 рет бұзу дерегі анықталып, 131 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның 58-і жоғарыда атап өткендей шетелдік азаматтар.

"Шараның мақсаты — заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, ел аумағында жүріп-тұру режимін бұзған, және еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыратын шетел азаматтарын анықтау, сондай-ақ шетел азаматының еңбегін заңсыз пайдаланатын жұмыс берушілер қызметіне бақылау жасау", — деді Нұрсейітов.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров