Қазақстан мен Ресей теңізде әскери жаттығу өткізіп жатыр

Express Qazaqstan

ҚР ҚМ

Каспийде Қазақстан мен Ресей әскери теңізшілерінің бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр, - деп жазады “Экспресс-К”.

Оқу-жаттығу шараларына екі елдің Әскери-теңіз флоты қатысып, Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі Экономикалық қызмет нысандарын қорғау жұмыстарын пысықтауда.

Қазақстан Қарулы Күштерінің атынан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысы басқармасының жедел тобы, әскери-теңіз базасының бөлімшесі, "Орал" және "Маңғыстау" зымыранды-артиллериялық кемелерінің, "Жайық" гидрографиялық кемесінің экипаждары қатысады. Бұдан өзге, оқу-жаттығуға майдан ұшақтары мен әскери авиацияның тікұшақтары жұмылдырылды, — деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігігінің баспасөз қызметі

Бірлескен оқу-жаттығуды Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов басқарады.

ҚР ҚМ
ҚР ҚМ

Осы шара барысында екі елдің әскери теңізшілері Қазақстан мен Ресей су айлағында орналасқан Каспий теңізінің полигондарында жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерін орындауы тиіс.

Әскерилер экономикалық қызмет нысандарын күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді пысықтап, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудің жаңа әдістері мен тәсілдерін үйренеді. Кемелердің экипаждары әуеден келетін шартты түрдегі қарсыласының шабуылына тойтарыс беру бойынша іс-шаралар кешенін, әуе және теңіз нысандарына артиллериямен атқылау ісі атқарады. Сондай-ақ, шартты түрде апатқа ұшыраған кемеге көмек көрсетуге қатысты міндеттерді пысықтайды.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров