Ел экономикасының өсу болжамы жақсарды – министр

Express Qazaqstan

primeminister.kz

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сенаторларға 2021 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер мен бюджеттік параметрлердің болжамын нақтылауды ұсынды, деп хабарлайды «Экспресс К».

"ЖІӨ өсу қарқыны қаңтар айында минус 4,5%-дан осы жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша плюс 0,7%-ға дейін жақсарды. Макрокөрсеткіштерді нақтылау кезінде мұнайдың орташа жылдық бағасы 50 АҚШ доллары деңгейінде белгіленді. Бұл — осыған дейін бір баррель үшін мақұлданған 15 АҚШ долларынан жоғары. Ел экономикасының өсу болжамы 2,8%-дан 3,1%-ға дейін жақсарды. Осылайша, экономикалық өсім қалпына келу кезеңіне оралады. Бұл ретте номиналды ЖІӨ 77,8 трлн теңге көлемінде болады", — деді министр.

Ал инфляция бұрын бекітілген 4-6% деңгейінде сақталып тұр.

Сөйтіп, Сенат отырысында макроэкономикалық болжам негізінде 2021 жылға арналған республикалық бюджет параметрлерінің болжамы нақтыланды. Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджеттің кірістері 2021 жылы 7 204 млрд теңге көлемінде болжанып отыр.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров