Бюджет шығындары 1,3 трлн теңгеге артады

Express Qazaqstan

©ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджетті нақтылау «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржылық қамтамасыз етуге, Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмаларына, сондай-ақ, COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шараларға бағытталғанын атап өтті, деп хабарлайды «Экспресс К».

"Аталған міндеттерді орындау үшін 1,3 трлн теңге қосымша қаржы жоспарланып отыр. Нақтырақ айтқанда "Nur Otan" сайлауалды бағдарламасын іске асыруға 884 млрд теңге, коронавирустық инфекциямен күрес бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларды қаржыландыруға 265 млрд теңге, Мемлекет басшысының тапсырмаларын және бұрын қабылданған міндеттемелерді орындауға 154 млрд теңге жұмсалады", — деді министр.

Осылайша Сенат Мәжіліс мақұлдаған "2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын қабылдады.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров