Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы сауда көлемі 800 млн долларға жетті

Экспресс К

ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Душанбеге ресми сапарының шеңберінде «Қасри Миллат» сарайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен екіжақты келіссөз жүргізді. Бұл туралы «Экспресс К» «Ақордаға» сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары деңгейдегі мемлекетаралық келіссөз басталмас бұрын Қазақстан Президентін салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы рапорт жасап, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Мұнан соң Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанның мемлекеттік туына құрмет көрсетті. Мемлекет басшылары Құрмет қарауылы сапының алдынан өтіп, бір-біріне ресми делегациялардың мүшелерін таныстырды. Салтанатты рәсімнен кейін шағын құрамда кездесу басталды.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонға тәжік жеріне келгеннен бастап өзіне және қазақстандық делегацияға көрсеткен қонақжайлылығы мен құрметі үшін шынайы ризашылығын білдірді.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Екіжақты ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға байланысты маңызды мәселелер қарастырылатын болғандықтан, біз осы сапарға зор мән береміз. Бұл ретте талқылайтын мәселе жеткілікті. Былтыр пандемияға қарамастан, өзара сауда-саттық көлемі 800 миллион долларға жетті. Бұл сауда-экономикалық саладағы әлеуетіміздің әлі де мол екенін көрсетеді. Әрине, біз де өз тарапымыздан бірқатар ұсыныс жасаймыз. Сондай-ақ сіздердің де ұсыныстарыңызды тыңдауға дайынбыз, — деді Қазақстан Президенті.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерге де тоқталып, екі елдің БҰҰ, ШЫҰ, ЕҚЫҰ аясындағы өзара табысты ынтымақтастығын атап өтті. Сонымен қатар Президент Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестегі бастамаларына тұрақты түрде қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін тәжік көшбасшысына алғыс айтып, Тәжікстанның осы беделді құрылымға 2018-2020 жылдары табысты төрағалық еткенімен құттықтады.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

— Жалпы барлық бағыт бойынша ынтымақтастықты нығайту үшін мол мүмкіндігіміз бар. Қазақстан мен Тәжікстан — бауырлас мемлекеттер. Бұл артық айтқандық емес.

деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚР Президентінің баспасөз қызметі
ҚР Президентінің баспасөз қызметі

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров