Қазақстан Тәжікстанның сауда-экономикалық серіктесі


ҚР Президентінің баспасөз қызметі
Эмомали Рахмон: Қазақстан – Тәжікстанның сауда-экономикалық серіктестерінің ішінде екінші орында
Тәжікстан Президенті Қазақстан Президентімен кездесуінде екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайту мәселелерін талқылады. Бұл туралы "Экспресс К" "Ақордаға" сілтеме жасап хабарлайды.
Тараптар қазақ-тәжік стратегиялық әріптестігінің кең ауқымды мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ саяси диалогты нығайтуға ерекше көңіл бөле отырып, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты арттыру жағдайын талқылады. Сонымен қатар Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету және халықаралық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мәлелелері қозғалды.
Өз кезегінде Эмомали Рахмон Қасым-Жомарт Тоқаевқа Тәжікстанға ресми сапармен келгені үшін шынайы ілтипатын білдірді.


— Тәжік-қазақ қатынастары бүгінде ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша қарқынды дамып келеді. Қазақстан — Тәжікстанның жетекші сауда-экономикалық серіктестерінің ішінде екінші орында. Рухани, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ықпалдастық нығайып келеді. Елдеріміздің ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және АӨСШК аясындағы ынтымақтастығы табысты дамуда, — деді Тәжікстан Президенті.
Эмомали Рахмон екі ел арасындағы көпжақты қатынастардың барлық саласы бойынша ынтымақтасты одан әрі нығайтуға дайын екенін айтты.
Бөлісу