Әкім сайлауына ауыл халқы тегіс қатыса алады

Express Qazaqstan

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Парламент Сенатының отырысында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сайлау мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қаралды.-деп хабарлайды, «Экспресс К»

Осы мәселеге байланысты "Қазақпарат" тілшісіне ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина телефон арқылы түсінік берген.

Сарапшының сөзінше, ауылдық елді мекендерде халықтың 40%-ға жуығы тұрады. Әкім аппараты бар ауылдар саны 2 мыңнан асады. Оыған байланысты әкімдердің сайлануына қатысты бірнеше басты өзгерістер енгізіліп отыр. Олар: жергілікті алқалық кеңес құру. Ол ауылдың әрбір тұрғыны үшін жергілікті маңызы бар маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдайтын болады;

— ауылдық округ әкіміне кандидаттардың өзін-өзі ұсынуы; — ауылдық округ әкімдерінің кеңес алдындағы жауапкершілігі;

— жергілікті қоғамдастық жиналысының немесе кеңестің әкім өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешімге бастамашылық етуі болып табылады.

"Бұл халықаралық тәжірибеде бар нәрсе, азаматтардың қоғамдастық жиналыс институттарына, кеңестеріне және сайланған әкімге өздерінің билік өкілеттіктерін беру арқылы жергілікті мәселелерге тікелей араласуына мүмкіндіктері болады.

Бұл күнде "әкімшілік және фискалдық орталықсыздандыру ауылдық аумақтардың коммуналдық меншігін дербес басқаруды жүзеге асыру, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын қолдау және жергілікті жерлерде азаматтық жауапкершіліктің өсуі үшін тиімді ұйымдық-экономикалық негіздердің біріне айналды" — деді Жолдыбалина.

Ұсынамыз

Пиксель для количества просмотров